Жаз - демалыс, серуен және саяхат маусымы. Алайда дәл осы кезде ішек инфекциясының таралу қаупі күрт артады. Бұдан қалай қорғануға болады? Бұл туралы Алматы №1 қалалық клиникалық ауруханасының эпидемиологы Зүлфия Еламанова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ішек инфекциясын бактерия (сальмонелла, шигелла, ішек таяқшасы), вирус (ротавирус, норовирус) немесе паразит қоздырады. Инфекция көбіне лас қол, сапасыз тамақ, ластанған су арқылы жұғады.
Қауіп тобына ең алдымен балалар, егде жастағы және иммунитеті әлсіреген адамдар жатады.
Ең қауіпті кез - мамырдан қыркүйекке дейінгі уақыт. Мұның бірнеше себебі бар:
Мына белгілер байқалса, инфекция жұққан болуы мүмкін:
Мына белгілер байқалса, дереу дәрігерге жүгініңіз:
"Өз бетінше емделмеңіз. Диареяға қарсы дәрілер ағзадағы уыттың (токсиннің) шығарылуын тежеп, жағдайды ушықтыруы мүмкін. Ең дұрысы - көп сұйықтық ішу (таза су, регидратациялық ерітінді), ауыр тамақтан бас тарту және міндетті түрде дәрігерге қаралу", - деп түсіндірді Зүлфия Асқарқызы.
Аурудың алдын алудың қарапайым жолы:
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!