Кардиолог Мария Чайковская жаз мезгіліндегі ұйқысыздық денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Дәрігердің сөзінше, аптап ыстық кезінде ағзаға түсетін жүктеме айтарлықтай артады. Мұндай кезде жүрекке көбірек күш түсіп, қан тамырларының ырғағы өзгереді, ағза сұйықтық пен электролитті жылдам жоғалтады.
Маманның айтуынша, адам ұйқысыздықтан түнде толық қалпына келе алмаса, күндізгі ыстықтың әсері жалғаса берсе, жүрек-қан тамырлары жүйесіне түсетін салмақ азаймайды. Бұл егде жастағы адамдарға, гипертониясы, жүрек ауруы, жүрек ырғағының бұзылысы, қант диабеті, бүйрек ауруы барларға, сондай-ақ, қан қысымын төмендететін дәрі ішетіндерге қауіпті.
"Мұндай күндері өз денсаулығыңызға ерекше көңіл бөліңіз, ағзаға артық күш түсірмеңіз, қан қысымын бақылап, жеткілікті мөлшерде су ішіңіз. Ең бастысы аптап ыстықта артық күйзелісті азайтып, биологиялық ырғақты сақтауға ерекше мән берген жөн", - деді Мария Чайковская.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!