Жазда көрпе жамылып ұйықтау пайдалы болып шықты

Жазда көрпе жамылып ұйықтау пайдалы болып шықты
Фото: depositphotos.com

Терапевт Мария Лаврухина ыстықта да көрпе жамылып ұйықтау неге пайдалы екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Дәрігердің сөзінше, көрпе бактериядан қорғануға көмектеседі. Ол терді сіңіріп, тері құрғақ күйде қалуына ықпал етеді. Ал құрғақ орта ылғалды ортаға қарағанда бактерия көбеюіне қолайсыз.

Сондай-ақ, маман көрпе тезірек ұйықтауға көмектесетінін айтты. Оның сөзінше, көрпеге орану сияқты үйреншікті әрекет миды түнгі режимге ауысуға дайындайды. Бұдан бөлек, көрпе жәндік шағу қаупін де азайтады.

"Терідегі рецепторлар адам бүркеніп жатқанын сезеді. Ми мұны толық қауіпсіздіктің белгісі ретінде қабылдап, ағза терең ұйқы фазасына тезірек өтуіне мүмкіндік береді. Нейрофизиология тұрғысынан алғанда, төсек жабынынсыз ұйықтау - ми үшін күйзеліс", - деді Мария Лаврухина.

Сонымен қатар, дәрігер жаз мезгілінде қалың қысқы көрпені қолдануға болмайтынын ескертті. Оның айтуынша, бұл ағза қызып кетуіне әкеп соғуы мүмкін.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget