Қырғызстанда "Азия MIX" КВН командасындағы Маратик деген есіммен белгілі Марат Жұманалиев қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өлімнің себебі әлі белгісіз. Қырғызстанның джиу-джитсу ұлттық федерациясының президенті Абдурахман Мұртазалиевтің айтуынша, жазатайым оқиға болған.
Марат Жұманалиев 43 жаста еді. Ол - бокстан Қырғызстанның екі дүркін чемпионы. Бірақ Жұманалиев "Азия MIX" командасымен бірге КВН-ға қатысу арқылы кең танылды.
Өмірінің соңғы уақыттарында ол қайырымдылықпен айналысып, түрлі қайырымдылық жобаларына қатысты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!