Ерке Есмаханның оқырманы "күйеуі Raim өзінің көзіне шөп салып жүр" деген "хабарды" жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің оқырманы "TikTok деген бәле болды, Райм Еркенің көзіне шөп салыпты деп жатыр", - деп сұраған.
Ерке Есмахан бұл сұраққа жауап берді.
"Бұл TikTok Ерке Есмахан өлді, иманды болсын деп жариялады. Баламды, Құдай сақтасын, шетінеді деп жариялады. Енді Райм көзге шөп салды деген шығып жатыр екен, не дейміз? Неге біздің жанұяға бірдеңе боп қалғанын қалайды екен олар?! Аллаға тапсырамыз, басқа амал жоқ. Жазасын берер. Бізде TikTok жоқ, бірақ достарымыз көрсетті. Қаралым, рекке шығу үшін бүлініп жүргендері-ау. Осы тұста айта кетейін. Райм аман-есен, ешқандай шөп салған жоқ. Мен кепіл", - деді әншінің өзі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!