Қазгидромет 23, 24, 25 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны ықпал етеді. Найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады, жел соғады. Солтүстік және шығыс өңірлерде қатты жаңбыр жауады.
Кейін батыс антициклоны ығысып, жауын-шашын уақытша тоқтайды. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс өңірлерде түнгі, таңғы уақыттарда тұман түседі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз