Қазгидромет 23, 24, 25 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны ықпал етеді. Найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады, жел соғады. Солтүстік және шығыс өңірлерде қатты жаңбыр жауады.
Кейін батыс антициклоны ығысып, жауын-шашын уақытша тоқтайды. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс өңірлерде түнгі, таңғы уақыттарда тұман түседі.
Ауа температурасы:
- Батыста 35-38 градус болады;
- 24-25 тамызда солтүстік-батыста 35 градус болады;
- Солтүстік өңірлерде 25-30 градус болады;
- Қазақстанның орталығында 22-32 градус болады, кей жерлерде 35 градусқа дейін көтеріледі;
- Оңтүстікте 30-38 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 27-35 градусқа дейін, таулы аймақтарда 20-27 градусқа дейін көтеріледі;
- Тек шығыста айтарлықтай өзгеріс болмайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова