Театр және кино актері Саттар Ерубаев "Менің өмірім" бағдарламасында Нұрлан Қоянбаевпен қарым-қатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актер Нұрлан Қоянбаевқа ренішін жеткізді.
"Америкадағы қазақша бизнес" киносының кастингіне өтіп тұрып, түспей қалдым. Кастинг директоры Жеңісхан еді. Ол "Сәке, сені түсіремін, киноға өтіп тұрсың" деді. Америкада түсіретін өзім бар сахнаға дайындалдым. Бірақ менің орныма Рамазан Амантай өтті. Менен неге бас тартқаны туралы нақты себебін айтпады. Кейін Нұрлан ағамен кездесіп қалдық. "Неге бұл мәселені қозғадың?" деп сұрады. "Өтпей қалдым, жауабын кімнен сұраймын?" дегенімде, "әлі талай киноға түсесің ғой" деп жауап берді", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!