Танымал әнші Өмірқұл Айниязов көптен жасырып жүрген жаңалығын айтты. Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің жары сәби күтіп жүр. Тіпті өнер иесінің отбасы гендер пати жасап, ұл екенін де анықтаған.
"Сүйінші жаңалығыңызды естіп қуанып жатырмыз. Көз тимесін. Көбейе берсін", - дейді Анна Данченко.
Өмірқұл Айниязовтың сөзінше, бұл жаңалықты көпшіліктен жасырып келген.
"Жасырып жүрген жаңалығымыз еді. Үйге Анна қарындасым келгесін жасыру мүмкін болмай қалды. Ендігі жерде осы күнге аман-есен жетуге Алла нәсіп етсін!" - жазды әнші.
Әншінің жұбайы жағдайы жақсы екенін айтады.
"Адам асыққанмен Алла асықпайды" дейді ғой. 2 жарым, 3 жыл бұрын Айсезім қызымызды Алладан тілеп, сұрап алғанбыз. Қазақта "майкөтен" дейді ғой, сол қыз майкөтен болып, осындай болып тұрмыз", - дейді әншінің жары.
Желі қолданушылары жақсы жаңалыққа жылы лебіздерін жазған.
"Анна болмағанда білмей отыра береді екенбіз ғой", "Керемет жаңалық! Құтты болсын бауырым! Оңынан болсын, шын жүректен қуаныштымыз!", "Керемет жаңалық екен, қуаныштымыз, Айзониді қызықтап жүрсек, тамаша жаңалық болды", - дейді олар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!