Енді үйленген жұпты туыстары "жасың қаншада екенін білесің бе? Бала туралы ойланатын кез келді" деп асықтырып жатады. Психолог Михаил Лабковский адам қай кезде бала сүюге дайын болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазір жас жұбайлардың көпшілігі мүмкіндігінше тезірек балалы болуға тырыспайды. Олар өздері үшін өмір сүргісі келеді, кәсіби тұрғыда бір нәрсеге қол жеткізгісі келеді, үй алып, әлемді аралағысы келеді.
"Көп дәрігер ата-ана болу үшін оңтайлы жас 25 жас деп санайды. Бұл кезде олардың күші көп, дені сау деген себептерін айтады", - дейді Михаил Лабковский.
Психологтардың бұл мәселеде пікірі басқа екен. Сарапшылардың пікірінше, жақсы ғана емес, керемет ата-ана болу үшін эмоционалды түрде жетілген адам болуы керек. Эмоционалды жетілу - өзіңізді толық түсініп, жақсы көретін кез. Бұл кезде ең бірінші өзіңізге қамқор бола аласыз, күтім жасай аласыз.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!