“Жастық гормонын“ арттыратын жеміс аталды

“Жастық гормонын“ арттыратын жеміс аталды
Фото: depositphotos.com

Манчестер қалалық университетінің ғалымдары анар экстрактісін күнделікті қабылдау 55–70 жас аралығындағы адамдарда "жастық гормоны" саналатын IGF-1 деңгейін арттыратынын анықтады. Зерттеу нәтижелері Nutrients журналында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Газета.Ru-ға сілтеме жасап.

12 аптаға созылған тәжірибеге 72 ерікті қатысты. Қатысушылар екі топқа бөлініп, бір бөлігіне анар экстракты (740 миллиграмм) бар капсула берілсе, екінші топқа плацебо ұсынылды.

Зерттеу аяғында анар сусынын ішкендерде IGF-1 деңгейі айтарлықтай өскені байқалды. Бұл гормон жасушалардың өсуі мен жаңаруын реттеуде, бұлшықет пен сүйектерді нығайтуда, сондай-ақ қан тамырлары жүйесі мен мидың жұмысын жақсартуда негізгі рөл атқарады.

Әдетте жас ұлғайған сайын IGF-1 деңгейі төмендейді. Мұндай кезде күш азайып, тонус төмендеп және түрлі аурулардың қаупі артады.

Сонымен қатар, анар экстрактісі теломерлердің ұзындығына айтарлықтай әсер етпегені анықталды. Теломерлер – хромосомалардың соңындағы ДНҚ-дан құралған қайталанатын тізбектер, оларды кейде "қорғаныш қақпағы" деп те атайды. Бұрынғы зерттеулер теломерлердің жағдайы жасушалардың қартаю жылдамдығын көрсететінін дәлелдеген.

Ғалымдардың айтуынша, анар экстрактісінің жасартатын әсерін нақтылау үшін ұзақ мерзімді қосымша зерттеулер қажет. Сондай-ақ, болашақ тәжірибелер бұл қоспаны қолданудың ықтимал қауіптерін де анықтауға көмектеспек.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget