"Жарты сағаттай су ішпеу керек". Тіс жуғаннан кейін істеуге болмайтын үш нәрсе

"Жарты сағаттай су ішпеу керек". Тіс жуғаннан кейін істеуге болмайтын үш нәрсе
Фото: elements.envato.com

Тіс дәрігері Айжан Ақсамбаева тіс жуғаннан кейін істеуге болмайтын үш нәрсені атады. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маманның сөзінше, ең бірінші тіс щеткасын арнайы ыдысына салып, қақпағын жауып тастауға асықпау қажет.

"Бірін щеткаңыздың басына қақпағын мүлдем кигізуге болмайды. Себебі бұл - бактерияларға өте жақсы орта. Олар осы жерде көбейеді, өседі, оның кесірі сіздің тістеріңізге әсер етеді", - дейді ол.

@aizhan_stom

Консультацияға жазылыңыздар. Астана қаласы, анет баба 13/1 8 700 378 78 76

♬ оригинальный звук - Стоматология в Астане

Сонымен қатар, тіс жуғанда пастаның құрамына, қолданылу шартына да мән берген жөн екен.

"Екіншіден, тіс жуып болғаннан кейін аузыңызды сумен шаймау керек. Кейбір пасталардың сыртында сумен шаюға болмайды деп жазылып тұрады. Яғни бұл пастаның құрамында фтор бар. Ол жуып болғаннан кейін сіздің тісіңізде қалып, кариозға қарсы әсер атқарады. Егер оның барлығын сумен шайып тастасаңыз, оның ешқандай әсері болмайды", - дейді тіс дәрігері.

Тіс дәрігерінің айтуынша, тіс жуып болған соң белгілі бір уақыт ішінде тамақ ішуге болмайды.

"Үшінші кеңес тіс жуып болғаннан кейін жарты сағаттай су немесе тамақ ішуге болмайды. Себебі бұл уақыттың арасында сіздің тісіңізде фтор өзінің жұмысын жасайды. Кариесті тудырмауға әсер етеді, осы кеңестерді сақтасаңыз, сіздерде кариес болмайды", - деп ескертті маман.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова