Танымал әнші Жарқынай Ханайым танымал әулетке келін болып түскенде, алғашында қалай қабылдағанын әңгімеледі. Бұл туралы өнер иесі "Мамский әңгімеде" айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің сөзінше, шоу-бизнестегі танымал адамдардың үйіне келіп болып түскенде, бәрі жылы қабылдаған. Ал қайын сіңілісі Аша Матаймен әлі күнге жақсы қарым-қатынасын сақтап қалған.
"Басында Ақжан жылы қабылдады. Бәрін үйретіп, "Жарқынай, уайымдамаңыз, бәрін үйреніп кетесіз" деді. Айдардың мамасы да жақсы, жылы көзқараспен қабылдады. Алдыңғы ренжіп сұхбат бергенде, "Неге Аққу (Аша Матай - еск.) туралы айтқан жоқсың" деді. Біздің қарым-қатынасымыз өте керемет. Ол мені керемет қабылдап, керемет қолдап, әліге дейін қосылуымызға атсалысқысы келетін, жан-тәнін беріп, семьяны сақтап қалғысы келетін ниетті ол бірден-бір аққу дей аламын. Ең бір аппақ, тап-таза адам. Өзінің ағасына, өзінің сіңілісіне, әйел ретінде маған ортада шыр-пыр болып, күйіп-пісіп, керемет сәттерімізді видеоға түсіріп, халыққа көрсетіп жүретін жан. Бәрі жақсы қабылданды, бәрі әдемі болды. Өзім де сол ұяға бірден кірісіп кеттім. Себебі Айдарды жақсы көрдім, оның семьясы - менің семьям. Бірақ үйде ешнәрсе істеуді білмеймін. Ақжан үйретті, енем үйретті, үйде көмекшіміз әпкеміз болатын, ол да үйретті", - дейді әнші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!