Жапонияда мысық басшы болып тағайындалды

Жапонияда мысық басшы болып тағайындалды
Фото: REUTERS

Жапониядағы Киси станциясында "Ёнтама" есімді мысық вокзалдың "басшысы" болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Kyodo-ға сілтеме жасап. 

Бұл станция Вакаяма префектурасында орналасқан.

Ресми дерекке сәйкес, жаңа "станция басшысы" 7 қаңтарда салтанатты түрде таныстырылды. Тағайындау туралы ақпарат вокзалдың ресми сайтында жарияланған. Мысыққа жаңа мәртебесі жазылған арнайы медальон табысталып, ол қарғыбауына тағылған.

Бұған дейін бұл қызметте Нитама есімді мысық болған. Бұрынғы станция "басшысы" былтыр қарашада қайтыс болды. Енді Ёнтаманың міндетіне жолаушыларды қарсы алу, түрлі іс-шараларға қатысу және станциядағы көңіл күйді көтеру кіреді. Сондай-ақ, оған екі "орынбасар" таныстырылып, олар тағылымдамадан өтетіні айтылды.

Айта кетейік, Киси станциясында мысықты "бастшы" ету дәстүрі 2007 жылы Тамa атты мысықтан басталған. Ол аймаққа туристерді тартып, шағын теміржол тармағын қайта жандандыруға ықпал еткені хабарланған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget