Танымал актер әрі продюсер Сәбит Әбдіхалықов отадан кейінгі жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Өнер иесінің жанында бірінші әйелі Айгүл Иманбаевадан туған баласы Асылжан бар.
"Жаным көзіме көрінді. 2016 жылы инфаркт алып, содан жүректе ақау бар. 5 сағатқа созылған өте күрделі ота болды. Аллаға шүкір, балам қарап жатыр", - деп жазды ол.
Сондай-ақ, оның өнердегі әріптестері Мұқасан Шахзадаев мен Мейрамбек Беспаев продюсердің көңілін сұрап, ауруханаға барған.
Еске салайық, бұған дейін актер отаға дайындалып жатқанын айтқан еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!