Әнші Мақпал Жүнісова мерейлі 60 жасқа толды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің жанкүйері қуанышты күнге орай оған мұрағаттағы видеолардан ерекше сый жасады.
"Жанар жанкүйерімнің құттықтау видеосына үлкен рақмет, Жанаржан, отбасыңмен ғұмырлы болыңыздар!" - деп жазды әнші.
Сонымен қатар, Мақпал Жүнісова жақындарынан да ерекше сыйлық алып жатқанын, тіпті гаухар тастй әшекейлер алғанын айтты.
Желі қолданушылары өнер иесін 60 жасымен құттықтады.
"Туған күніңмен Мақпал, денсаулық, ұзақ ғұмыр, Мерейдің жақсылығына, қуанышына тоймай жүре беріңіз, әсем әніңмен тыңдармандарыңды тербей бер", "Туған күніңізбен! Құттықтаймын! Мықты денсаулық тілеймін! 100 жасаныз!!!", "Киелі сахнаның гүлі ғой! Мақпалжан, жайнап жасай бер!" - деп жазды олар.
Айта кетейік, Мақпал Жүнісова 1963 жылы 11 қаңтарда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Теректі ауылында дүниеге келген. Ол - кеңес және қазақ эстрада әншісі, профессор. Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, халықаралық конкурстардың лауреаты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!