- Негізгі бет
- LifeStyle
- “Жанқош Тұраров зорлады“...
“Жанқош Тұраров зорлады“ деп шағымданған қыздың әкесі пікір білдірді
"Жанқош Тұраров зорлады" деп шағымданған Әнару Қалдыбекқызының әкесі қызын ақтық демі қалғанша қорғайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы журналист Жұлдыз Төлеу өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Айтпақшы, кеше белгілі сазгер Қалдыбек Құрманәлі ағамен сөйлестім. Қызы Әнаруға қатысты жағдайды сұрадым. Ағамыз қазір ауылға, қара шаңыраққа көшіп кеткен екен. "Бұл Қалдыбек мына өмірде не көрмеді дейсің, қызымды ақтық демім қалғанша қорғаймын, күресемін" дейді. Әнару өзіне бірнеше рет қол жұмсамақ бопты. Қызыма күнде хабарласып қолдау көрсетіп отырмын дейді", - деп жазды ол.
Даулы оқиға қоғамда қызу талқыға түскен кезде көп адам қыздың отбасы туралы ақпарат іздеп, анасы қайтыс болғанын, ал әкесі танымал композитор екенін анықтаған болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева