Әлеуметтік желіде "Жанқош Тұраров зорлады" деп айыптаған әйелдің жаңа видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұрын еш жерде жарияланбаған видео Kozachkov offside Телеграм каналында шықты.
Видео осыдан бір жыл бұрын Алматыдағы мейрамханалардың бірінде түсірілген.
Видеодағы әйел телефоны ұрланғаны туралы айтып, полиция шақырған. Ал шын мәнінде телефоны үнемі қолында тұрғаны туралы жазылған Телеграм каналда.
Inbusiness сайтының хабарлауынша, боксшы зорлады деп шағымданған Әнару Құрманәлі композитор Қалдыбек Құрманәлі мен марқұм ақын Ақмаржан Таубаеваның қызы екені белгілі болды.
Еске салайық, Қалдыбек Құрманәлі "Менің өмірім" бағдарламасына берген сұхбатында өмірінде бірнеше рет ғашық болғанын, өзі сүйген қыздардың бірнешеуінен ұрпақ сүйгенін айтқан болатын.
Әнару Құрманәлінің желідегі парақшасында Қалдыбек Құрманәлі мен Ақмаржан Таубаеваның бірге түскен суреттері жарияланғанын байқауға болады.
Әнару Құрманәлінің анасы Ақмаржан Таубаева 2016 жылы өмірден өткен. Әнару Құрманәлі де жақында берген сұхбатында анасының өлімі жанына қатты батқанын айтқан еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!