- Негізгі бет
- LifeStyle
- Жаңғақтар, сарымсақ және...
Жаңғақтар, сарымсақ және ішті кептіретін тағы 11 өнім
Әдетте газдың көп түзілуін қандай да бір асқорыту органының ауруымен байланыстырады. Бірақ әркез олай емес. Кей азық-түлік өнімдеріне ағза сондай реакция беруі де мүмкін. Гастроэнтеролог Ольга Помойнецкаяның айтуынша, егер сізде іш кебуі сирек болатын болса, ол тамақ түріне байланысты болуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Doctorpiter порталына сілтеме жасап.
Гастроэнтерологтың айтуынша, мына өнімдер жиі іш кебуіне әкеледі:
- бұршақ;
- жасымық;
- сарымсақ;
- алма;
- шабдалы;
- жүзім;
- фруктозаға бай өнімдер;
- ұнды өнімдер;
- газдалған сусындар;
- соялық өнімдер;
- жаңғақтар;
- орамжапырақтың барлық түрі;
- құрамында лектиндер бар өнімдер (мысалы: қызыл үрмебұршақ, қызанақ, жержаңғақ).
"Егер бірден газ түзілуіне ықпал ететін бірнеше өнім жеп қойсаңыз, іш кебуі әбден мүмкін. Дәл қандай өнімдер сіздің ішіңізді кептіретінін бақылап, анықтаңыз. Содан соң ол өнімдерді рационнан алып тастаңыз немесе олардың порциясын азайтыңыз", - дейді Ольга Помойнецкая.
Алайда маманның айтуынша, егер жиі ішіңіз кепсе, бұл дәрігерге қаралуға себеп.
Оқи отырыңыз: Іш кебуінің 10 себебі
А. Жапатова