Жаңбыр мен қар: үш күнге арналған ауа райы болжамы

Жаңбыр мен қар: үш күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 7, 8, 9 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы күндері елдің көптеген өңірінде ауа райы жауын-шашынсыз, ашық болады. Тек республиканың солтүстігі мен шығысында жаңбыр, қар жауады.

Ел аумағында жел күшейіп, тұман түседі. Ал оңтүстік-батыста және оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Ауа температурасы:

  • Түнде солтүстік және орталық өңірлерде ауа температурасы 1-7 градус аязға дейін төмендейді, ал күндіз 4-16 градус жылы болады.
  • Шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 5-13 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 3-11 градус жылы болады.
  • Қалған өңірлерде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget