Жанболат пен Жазира ұлдарының тойында көлік ойнатты

Танымал әншілер Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова ұлдары Қазыбекті үйлендіріп, ұлан-асыр той жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жұлдызды жұп көптен күткен қуанышын тікелей эфирден көрсетті. Тойда лотерея ұйымдастырылып, көлік ойнатылған.

"Менің төркінім ұтса да, Жанболаттың бауырлары ұтса да, жаңа құдалар ұтса да, өнер иелері ұтса да - кім ұтса да бұйырсын", - деді әнші Жазира Байырбекова.

видео кадры

Бағалы сыйлықты Қазыбектің досы мен оның жұбайы ұтып алған.

Айта кетейік, Қазыбектің таңдауы Асылы есімді аруға түскен. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!