- Негізгі бет
- LifeStyle
- Жанармайды қалай үнемдеуге...
Жанармайды қалай үнемдеуге болады?
Фото:
pixabay
Көшеде көліктер күн өткен сайын көбейіп барады. Сәйкесінше жанармай пайдаланатындардың да қатары арта түсті. Massaget.kz тілшісі жанармайды үнемдеудің амалдарын біліп көрді.
- Жүріп келе жатқан көлікке күрт жақындап кетпес үшін газды қатты баспаңыз. Біркелкі жылдамдықпен жүріп баяулағаныңыз абзал. Сол кезде ешкімді басып озбайсыз, бензинде ауаға ұшпайды.
- Бағдаршамнан қозғалған кезде қатты газды баспаңыз. "Газды" қатты басу берілген отынның көлемін едәуір ұлғайтып жіберуі мүмкін.
- Қажет емес заттар мен басқа да қоқыстарды өзіңізбен бірге алып жүрмеңіз. Машина неғұрлым жеңіл болса, соғұрлым ол ауаның кедергісін сезінбейді. Үдету мен жүру кезінде отынды аз қажет етеді. Бұл дөңгелектердің еніне де қатысты. Автокөлік дөңгелегі жалпақ болса, жүру кезінде ауаның кедергісі көп болады. Сондықтан стандартты өлшемді шиналарды таңдаңыз.
- Егер көлік қозғалтқышында ақау болса, жанармайды 25 пайызы тек тұрған кезде жұмсалады. Көлікті тектен-текке тұтандырып қоймаңыз. Көлік істеп тұрған әрбір минутқа ақша кетеді
- Сапалы отынды пайдаланыңыз. Сапасы жоғары болған сайын тұтыну азаяды.
- Салонда тек қажетті электрониканы қолданыңыз. Пештен басқа керек-жарақтардың жұмысы отын шығынына әсер етеді. Көлікті ең жоғары температурада қыздырып, отынды ысырап еткеннен көрі, салонның орташа температурада жылынуын күткен тиімді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Зинешов