Жаңаөзенде түлектер сыныптастарына үй сыйлады

Жаңаөзенде түлектер сыныптастарына үй сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап. 

Теңге ауылындағы №14 мектептің түлектері жалғыз өзі екі бала тәрбиелеп отырған сыныптастары Қарлығаш Аяповаға баспана алып берген. Оның бір баласына аутизм диагнозы қойылған.

Олар қайырымдылық шарасын мектеп бітіргеніне 20 жыл толуына орай ұйымдастырған. Осылайша әйелге тұрмысқа қажет барлық жағдай жасалған, толық жабдықталған үйдің кілті табысталған.

Бұған дейін отбасы ұзақ уақыт жалдамалы пәтерде тұрған. 

Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты Асқар Ноғаев ұсынған сурет

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!