- Негізгі бет
- LifeStyle
- тренд
Жаңа тренд: ұстаздар мен оқушылар желі қолданушыларын тәнті етті
Әлеуметтік желілерде жаңа тренд пайда болды. Ұстаздар оқушылардың түрін көрмей, дауысынан кім екенін анықтайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тренд бойынша мұғалім оқушыларын көрмей, теріс қарап отыруы тиіс. Ал оқушылар болса, мұғалімнің артынан келіп, бір сөз айтады. Мұғалім оқушының дауысынан оның кім екенін табады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Апайдың жүзі қандай жылы", "Алғашқы ұстазым есіме түсіп кетті", "Бір жылап алдым, қандай мықты ұстаз, әр баласын біліп тұр", - деп жазды желі қолданушылары.
@opan_balausa #тикток #тренд #рек #ұстаз #мұғалім ♬ Мугалим - opan_balausa
Желі қолданушылары қазіргі оқушылардың еркіндігіне тәнті болды. Олар оқушылардың апайларын еркін құшақтағанына қызықты.
@1sinip_mugalimi Оқушыны дауысынан таны. #оқушылар ♬ оригинальный звук - Байнурова Нұргүл
Көпшілік мұғалім барлық дерлік оқушыны дауысынан таниды.
@arai.batyr #тренды #оқушыларым🥰 #врекомендации ♬ оригинальный звук - Arai✨
Бұл трендті тек мұғалім мен оқушылар арасында емес, сынып старостасы мен сыныптастарының арасында да түсірген.
Еске салайық, бұған дейін оқушылар сүйікті ұстаздарына күтпеген жерден тәтті сыйлап, қуантатын тренд пайда болғанын жазған болатынбыз.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жапатова