“Жаңа лайфхак“. Сәкен Майғазиев “8 секунд“ ережесінің сырын айтты

“Жаңа лайфхак“. Сәкен Майғазиев “8 секунд“ ережесінің сырын айтты
Фото: instagram.com/saken_maigaziyev/

Танымал әнші Сәкен Майғазиев неге жұбайлар бір-бірін 8 секунд құшақтау керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жақында Сәкен Майғазиевтің әулетіндегі тойға дайындық кезінде келіншегімен құшақтасқан видеосы да әлеуметтік желіде тарап, жақсы пікір мен тілектер жазылған болатын. Бұл видеоны Сәкен Майғазиевтің директоры Шарафат Нұрғали түсіріп алған. 

Әнші Сәкен Майғазиев танымал видеоны өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялап, жарымен қауышқанда қанша уақыт құшақтасу керегін айтты. 

"Адал жарларыңызбен қауышқанда сегіз секунд құшақтап тұрыңыздар, реті келсе 10 секундтан артық құшақтап тұруға да болады. Алты секундтан кем болмасын. Құда күтіп жатырмыз. Ағамның ұлы үйленіп жатыр. Сіздерге де жұғысты болсын. Бойдақтар шаңырақ көтеріп, отау құрсын", - деп жазды ол. 

Еске салайық, жақында әнші тыңдармандарынан сүйінші сұрап, тағы бір жақсы жаңалығын жариялаған болатын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева