Келесі жылды өнімді бастау үшін, биылғы жылды қалай аяқтау керек. Ол үшін бірнеше шаруаны осы бір ай көлемінде істеп үлгеріңіз.
Жобаларды аяқтау
Бастаған кезде шабыттанып, кейін аяқтамай тастай салған істі жүйелеу керек. Оны қарап шығыңыз, не істеуге болатынын жоспарлап, қолға алыңыз. Сонда жан тыныштығын сезінесіз.
Байланыстарды қалпына келтіру
Өмірдің қарқыны артқан сайын жақын-жуыққа көңіл бөлу сирей түседі. Досыңызбен немесе отбасыңызбен әдемі қатынасыңызды қайта жаңғырту үшін жай ғана қоңырау шалыңыз немесе электронды поштаға хат жіберіңіз. Егер сіз ескі байланыстарды қалпына келтіруге күш салсаңыз, бұл шешіміңізге өкінбейсіз.
Қонақ күту
Өзіңіздің және жақындарыңыздың көңіл күйін көтеру үшін мерекелік кеш ұйымдастырыңыз. Бұл әркімнің жанын жылытады! Күнделікті жұмыстан сәл тынығыңыз.
Дәрігерге қаралу
Әрине, ешкім дәрігерге қаралуды Жаңа жыл мерекесімен байланыстырмасы анық. Бірақ денсаулығыңызды күту көңілді кешке көйлек алудан маңызды. Егер сіз бірнеше тазалауды немесе дәрігермен жоспарланған кездесуді өткізіп алсаңыз, бұл жақсы емес, сондықтан мүмкіндігінше тезірек тіс дәрігерімен немесе терапевтпен хабарласыңыз.
Спортқа оралу
Көпшілігі жаттығу жасап бастауды 1 қаңтарға немесе одан кейін жоспарлайды. Бірақ неге ертерек бастамасқа? Бұл әлдеқайда оңай болады. Жаңа жаттығу бағдарламасын қазірден бастасаңыз, сіз жаңа жылдың басында жақсы формада боласыз.
Үй тазалау
Көбісі тазалықты жылына бір рет жасайды, тіпті солай болғанның өзінде, оны жаңа жылға дейін жоспарлау жаман идея емес. Проблемалық аймақтарды анықтаңыз және кілемдеріңізді немесе дивандарыңызды химиялық тазалау қажет болуы мүмкін екенін ескеріңіз.
Қажет емес заттарды сату
Сізге қажет емес заттарды сату өте жақсы идея, ал қысқы маусымда бұл екі есе пайдалы, өйткені демалыс күндергі жүріс-тұрысыңызды өтеуге көмектеседі. Ескі кітаптарды, пластинкаларды, электрониканы, киім-кешектер сынды басқа біреуге пайдалырақ болады деп ойлайтын нәрсені сатыңыз. Бұл жыл соңына дейін біраз ақша табуға және қажетсіз нәрселерден арылуға көмектеседі.
Бюджет жоспары
Мереке қарсаңында отырып, қаржылық жағдайыңызды бағалаңыз. Егер сіз осы жылы тым көп жұмсаған болсаңыз немесе жеткілікті түрде жинамаған болсаңыз, кейбір шығындарды қысқарту жоспарын жасаңыз және ақша үнемдеу үшін стратегиялар құрыңыз. Қандай қажеттіліктерге қанша ақша бөлу керек екенін және демалысқа немесе басқа да жағымды нәрселерге қанша жұмсауға болатынын анықтаңыз.
Қайырымдылық
Өзіңізге ұнайтын ұйымға қайырымдылық жасаңыз. Мереке күндері қорларда әдеттегіден көп шығындар болуы мүмкін. Сіз оларға көмек ретінде сыйлықтар жасай аласыз. Немесе өзіңізге керек емес заттардың ішінен өзгелер тұтуға келетіндерін берсеңіз болады.
Тамақтану жоспары
Желтоқсан айында жай отырмай, тамақтану жоспарын жасаңыз. Тамақтарыңыз қағазға түскенде, тамақтану әдеттеріңіз қаншалықты дұрысталатынын түсінесіз. Бұл әл-ауқат үшін де, әмиян үшін де пайдалы.