- Негізгі бет
- LifeStyle
- Жаңа жылға 5...
Жаңа жылға 5 сыйлық
Жаңа жыл жақындаған сайын үлкені-кішісі сыйлық күтетіні анық. Massaget.kz порталы сыйлыққа идея ретінде мына 5 нәрсені ұсынады.
Үстел ойындары
Кімге: балалар, бауыр, дос, әріптес
Үстел ойындары — кез келген кешті қыздыра түсетін әрі адамды жақынырақ тануға үлкен септігін тигізетін құрал. Ойындарды жасқа сәйкес таңдауға болады. Қызығушылығына сәйкес ойын түрін тапсаңыз, тіпті жақсы.
Массажер
Кімге: ата-ана, бауыр, дос, әріптес
Массажер кеңседе жұмыс істейтін адамдарға таптырмас сыйлық. Әдетте шағын массажерлер сатылады, бағасы да арзан. Жиі арқаның ауырғанына шағымданатын танысыңызға массажерді ойланбай сыйлауды ұсынамыз.
Сертификаттар
Кімге: ата-ана, бауыр, дос, әріптес
Қазір кез келген белді дүкеннің арнайы сертификаттары бар. Бұны әдетте не сыйларыңызды білмей, таңдауды өзіне қалдырған кезде сыйлауға болады.
Жаттығуға абонемент
Кімге: бауыр, дос, әріптес
Жаттығуды бастаймын десе де, уақыт пен қаражат таппай жүрген адамға жаттығуға абонемент сыйлауға болады. Мүмкін сіз осылайшы ол адамның өміріне үлкен өзгеріс алып келесіз.
Хош иісті шамдар
Кімге: бауыр, дос, әріптес, ата-ана
Бұндай шамдар тек хош иісімен ғана емес, интерьерге түрлі сұлулық сыйлайды. Сондықтан, хош иісті шамдарды таңдай білу де үлкен өнер.