Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев қазақстандықтарға жаңа жылдық отырыстан кейін ауырмаудың жолдарын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Брифифнгте одан журналистер "Жаңа жылдық отырыстан кейін ауырмау үшін не істеу керек?" деген сұрақ қойды.
"Ең әуелі, ішіп-жеудің шегін білген дұрыс. Тағамды да, сусынды да шамадан асырмай, мөлшермен ішіңіздер. Дүкеннен азық аларда сапасына қарап, сертификаты бар-жоғын тексеріп алған жөн. Қысқасы, бар нәрсенің берекесі - мөлшерінде, тепе-теңдікте", - деді ол.
Министрлік өкілі осы қағидаларды ұстанса, адам өзін жақсы сезініп, мерекеден кейінгі жайсыздықтың алдын алуға болатынын атап өтті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz