Жаңа жылдық дастархан: ең қолайлы өнімдер аталды

Дәрігер-гастроэнтеролог Светлана Мингазова Жаңа жылдық дастарханға ең қолайлы өнімдерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі UfaTime.ru-ға сілтеме жасап. 

Мингазова Жаңа жылда жеңіл тіскебасардан бастауға кеңес берді: жаңа піскен көкөністер, пеште пісірілген ет, хумус, авокадо жағылған тұтас дәнді нан, сондай-ақ күркетауықтан немесе көкөністен жасалған шағын канапелер.

"Сонымен қатар "көк шөптерге, қызанаққа, қиярға, шпинатқа, теңіз өнімдеріне және авокадоға негізделген салаттар жақсы сіңеді", - деп қосты гастроэнтеролог.

Дәрігердің айтуынша, майонез қосылған, ащы немесе қышқыл тұздықпен дайындалған салаттарды, сондай-ақ шикі қырыққабат немесе қабығы қалың көкөністер сияқты ірі жасұныққа бай тағамдарды дастарханның басында жеу дұрыс емес.

Бұдан бөлек, ол Жаңа жылда ысталған өнімдерді, шомырды, шалғамды, сарымсақ пен пиязды жеуге кеңес бермеді. Ауыр ет пен майлы балықтың орнына тауықтың төс еті, күркетауық, бұзау еті немесе майы аз балықты таңдаған дұрыс деді.

"Пісірудің ең қолайлы тәсілдері: пеште пісіру, бұқтыру, гриль, буға пісіру. Ал гарнир ретінде қарақұмық, қоңыр күріш, булгур, пеште пісірілген көкөністер жарайды", - деп атап өтті Мингазова.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!