Жаңа жылдық дастархан басында қозғауға болмайтын тақырыптар аталды

Психолог Сильвия дан Бен жаңа жылдық дастархан басында қойылатын кейбір сұрақтар ыңғайсыз жағдайға қалдыруы мүмкін екенін айтты. El Economista басылымына берген сұхбатында ол талқылаудан аулақ болған жөн тақырыптарды атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дан Беннің айтуынша, серіктесінің бар-жоғы, бала сүю жоспары және тұрмысқа шығу туралы сұрақтар қоюға болмайды.

"Сонымен қатар, басқа адамнан неге арықтап кеткенін немесе салмақ қосқанын сұраудың да қажеті жоқ", - деді ол.

Маман жаңа жылдық дастархан басында біреу ыңғайсыз сұрақ қойса, үндемей отыруға болмайтынын ескертті. Мұндай жағдайда әңгімені тез арада өзгертіп, әңгіме барысын неғұрлым позитив бағытқа бұруға кеңес берді. Сондай-ақ, әңгімелесушіге оның сұрағы жағымсыз болғанын айту маңызды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!