Жаңа жыл мерекесіне орай қанша күн демалыс беріледі?

Биыл да 31 желтоқсан жұмыс күні болып қала береді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жаңа жылдың басы дәстүрлі түрде демалыстан басталады. 

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 30 және 31 желтоқсан - жұмыс күндері;
  • 1 және 2 қаңтар - Жаңа жылға арналған мереке күндері;
  • 3 және 4 қаңтар - демалыс;
  • 5 және 6 қаңтар - жұмыс күндері;
  • 7 қаңтар (сәрсенбі) - Рождество - демалыс күні.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 30 және 31 желтоқсан - жұмыс күндері;
  • 1 және 2 қаңтар - мереке күндері;
  • 3 қаңтар (сенбі) - жұмыс күні;
  • 4 қаңтар (жексенбі) - демалыс;
  • 5 және 6 қаңтар - жұмыс күндері;
  • 7 қаңтар - демалыс күні (Рождество).

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!