Жаңа айыппұл салына бастады: бұл туралы не білу керек?

Қазақстанда жаңа айыппұл түрі салына бастады. Бұл кімдерге салынады? Massaget.kz тілшісі материалында.

Өзгерістерге сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының үстемесін 15%-дан асырған жағдайда кәсіпкерлерге ескерту жасалмай, бірден айыппұл салынады. Яғни бұл - кәсіпкерлерге салынатын айыппұл.

Бұған дейін бірінші рет заң бұзған кәсіпкерге тек ескерту беріліп, айыппұл 1 жыл ішінде қайталанған жағдайда қолданылатын. Енді бірінші рет заң бұзғаны үшін де айыппұл салынбақ.

Оның мөлшері мынадай:

  • Жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес – 5 АЕК (19 660 теңге);
  • Орташа бизнес – 35 АЕК (137 620 теңге);
  • Ірі сауда желілері – 150 АЕК (589 800 теңге).

Бір жыл ішінде заңбұзушылық қайталанса, айыппұл мөлшері екі есе артады.

Бұл өзгерістердің мақсаты – әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақты ұстау және баға негізсіз өсуіне жол бермеу. Қазір сауда нүктелеріне бақылау күшейген.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!