Қазақстанда жаңа айыппұл түрі салына бастады. Бұл кімдерге салынады? Massaget.kz тілшісі материалында.
Өзгерістерге сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының үстемесін 15%-дан асырған жағдайда кәсіпкерлерге ескерту жасалмай, бірден айыппұл салынады. Яғни бұл - кәсіпкерлерге салынатын айыппұл.
Бұған дейін бірінші рет заң бұзған кәсіпкерге тек ескерту беріліп, айыппұл 1 жыл ішінде қайталанған жағдайда қолданылатын. Енді бірінші рет заң бұзғаны үшін де айыппұл салынбақ.
Оның мөлшері мынадай:
- Жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес – 5 АЕК (19 660 теңге);
- Орташа бизнес – 35 АЕК (137 620 теңге);
- Ірі сауда желілері – 150 АЕК (589 800 теңге).
Бір жыл ішінде заңбұзушылық қайталанса, айыппұл мөлшері екі есе артады.
Бұл өзгерістердің мақсаты – әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақты ұстау және баға негізсіз өсуіне жол бермеу. Қазір сауда нүктелеріне бақылау күшейген.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова