Медицина ғылымдарының докторы Ольга Ткачева ТАСС агенттігіне берген сұхбатында адамдармен жиі араласатындар ұзақ өмір сүретінін айтты. Ал жалғыздық есте сақтау мен ойлау қабілетінің нашарлауына, сондай-ақ, ерте өлім қаупінің артуына әкелуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның сөзінше, адамдармен араласу ішкі уайымды бөлісуге, қолдау сезінуге және өзіңді қажет адам ретінде қабылдауға көмектеседі. Ал қарым-қатынастың аздығы созылмалы күйзеліске ұласып, ағзада қабыну процестерін қоздырады. Бұл жүрек-қан тамырлары аурулары мен деменция қаупін арттыруы мүмкін.
Сонымен қатар, бірге серуендеу, спортпен айналысу сияқты ортақ белсенділік салауатты әдет қалыптастыруға ықпал етеді. Ал әңгімелесу, тіпті аса жақын емес адамдармен сөйлесудің өзі ми үшін пайдалы жаттығу саналады. Денсаулыққа оң әсер ету үшін бірнеше жақын дос пен қалыпты деңгейдегі қарым-қатынастың өзі жеткілікті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz