“Жалған ақпарат“. Арман Дүйсеновтің әйелі үндеу жасады

“Жалған ақпарат“. Арман Дүйсеновтің әйелі үндеу жасады
Фото: instagram.com/arman_duisenov_official/

Танымал сазгер Арман Дүйсеновтің әйелі Айсұлу Айданқызы әлеуметтік желіде үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол жұртшылықты жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

"Қадірменді халқым! Менің атымнан сұхбат фрагменттерін, суретімді пайдаланып, қор ашылып, ақша жинау мәселесі көтерілсе, ол жалған ақпарат екенін ескертемін. Мен Президентке үндеу жасадым, тергеу жан-жақты болуын, әділетті сот шешімін сұрадым, халқымнан қолдау сұрадым. Бірақ маған ақша жинауды немесе қор ашуды сұраған жоқпын", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін марқұм Арман Дүйсеновтің әйелі күйеуінің қазасы жайлы тосын жайтты айтты. Сонымен қатар, ұлының жұмбақ қазасы туралы да мәлімдеме жасап, әділ түрде тергеуді сұрады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget