• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Жалдамалы пәтердің иесі не істей алмайды? Кеңес

Жалдамалы пәтердің иесі не істей алмайды? Кеңес
Фото: depositphotos.com

Елімізде жалдамалы пәтердің иесі үйді жалға алушылардың рұқсатынсыз пәтерге кіруі немесе олардан кенеттен баспананы босатуды талап етуі секілді жағдайлар жиі тіркеліп жатыр. Осыған байланысты Massaget.kz тілшісі жалдамалы пәтер иесінің заңға қайшы әрекеттерін тізді.

Қазақстанда жалдамалы пәтердің иесі жалдаушыға қатысты заңсыз әрекеттер жасай алмайды. ҚР Тұрғын үй қатынастары туралы заңына және жалдау шарттарына сәйкес, меншік иесінің құқығы шектеулі.

Пәтер иесі не істей алмайды?

  • Жалдау мерзімі біткенше келісімді біржақты бұзуға:

Егер келісімшартта белгілі бір мерзім көрсетілсе, пәтер иесі жалдаушыны себепсіз шығарып жібере алмайды.

Ерекше жағдайлар: егер жалдаушы жалдау ақысын төлемесе немесе жылжымайтын мүлікті бұзса, тек сот арқылы шығару мүмкін.

  • Жалдаушының келісімінсіз пәтерге кіруге:

Пәтер иесі жалға берілген үйге жалдаушының рұқсатынсыз кіре алмайды. Бұл жеке өмірге қол сұғу болып саналады және заңға қайшы. Пәтер иесі пәтерге тек төтенше жағдай кезінде кіре алады. 

Заңгер пәтер иесі үйге неше рет келе алатынын келісімшартта нақтылаған дұрыс екенін айтады. Мысалы айына бір рет және келер алдында 1 күн немесе 1 апта бұрын ескертуі тиіс. Егер пәтер иесі келісімді бұзса, оған 700 мың теңге айыппұл немесе 50 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін. 

  • Коммуналдық қызметтерді немесе электр қуатын өшіруге:

Егер жалдаушы коммуналдық қызметтерді уақытында төлеп отырса, меншік иесі газды, суды, жарықты немесе жылуды заңсыз ажырата алмайды.

  • Жалдаушының заттарын заңсыз тәркілеу немесе шығаруға:

Тіпті жалдаушы жалдау ақысын уақытында төлемесе де, пәтер иесі оның жеке заттарын шығарып тастауға немесе тәркілеуге құқығы жоқ.

  • Кепілдік соманы қайтарудан бас тартуға:

Егер жалдаушы пәтерді жақсы күйде қайтарса, иесі кепілдік соманы (депозитті) заңсыз ұстап қала алмайды.

  • Жалдау ақысын заңсыз көтеру

Егер келісімшартта жалдау ақысының мөлшері бекітілсе, меншік иесі оны жалдаушының келісімінсіз өзгерте алмайды.

Құқықтарыңыз бұзылса, не істеу керек?

  • Пәтерді жалға алу келісімшартын жасаңыз - бұл сіздің құқықтарыңызды қорғайды.
  • Жалдау шарттары бұзылса, пәтер иесімен жазбаша түрде сөйлесіңіз.
  • Құқықтарыңыз өрескел бұзылса, заңгерге немесе жергілікті тұрғын үй инспекциясына хабарласыңыз.
  • Егер меншік иесі заңсыз әрекеттер жасаса, сотқа шағым түсіруге болады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә
Logotype Massaget