Жалақыны уақтылы әрі толық төлеу - жұмыс берушінің басты міндеттерінің бірі. Еңбек кодексіне сәйкес жалақы айына кемінде бір рет және келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленуге тиіс. Төлемнің нақты күні еңбек немесе ұжымдық шартта белгіленеді. Белгіленген төлем күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, жалақы одан ерте төленеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, алдымен жұмысшы жұмыс берушіге жүгініп, кешіктіру себебін анықтап, берешекті өтеуді талап ете алады.
Мәселе шешілмесе, жұмысшы жұмыс берушінің мекен жайы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің аумақтық департаментіне жүгінуге құқылы. Өтінішті eOtinish жүйесі арқылы электрон форматта да жіберуге болады.
Өтінішке еңбек шартын және жалақы бойынша берешекті растайтын қолда бар құжаттарды қоса тапсыру керек. Ол жерде еңбек шарты, есеп айырысу парақтары, банк көшірмелері, бұйрықтар және өзге де растайтын материалдар болуы мүмкін.
Берешек расталса, жұмыс берушіге заңбұзушылықты жоюға, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеуге байланысты міндетті нұсқау беріледі. Нұсқау орындалуын мемлекеттік еңбек инспекторлары бақылауға алады.
Сонымен қатар, жұмыс беруші жұмысшыға жалақы берешегін ғана емес, кешіктірілген әрбір күн үшін тұрақсыздық айыбын да төлеуге міндетті. Ол жалақы төленген күні қолданыста болған Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшері бойынша есептеледі.
Жалақыны толық көлемде, белгіленген мерзімде төлемегені үшін, сондай-ақ, тұрақсыздық айыбын есептемегені және төлемегені үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 87-бабында әкімшілік жауапкершілік көзделген. Айыппұл мөлшері:
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз