Ұлытау облысында көпбалалы аналарды қолдауға 188 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өңірдегі көпбалалы аналарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.
"Алтын алқамен", "Күміс алқамен" марапатталған, бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған әйелдерге 20 000 теңге мөлшерінде төлем беріледі", - деп жазылған әкімдік хабарламасында.
Бүгінде өңір бойынша осы санатқа жататын аналардың саны - 9 375. Бұл мақсатқа жалпы 187 500 000 теңге бағытталып отыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!