Әнші Балжан Бидаш актер Жахан Отарғалиевпен айырылысқанын растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі Іnstagram-парақшасына жазба жариялап, көптің қойған сауалына жауап берді.
"Достар, сіздер шындықты білуге лайықтысыздар, осы уақытқа дейін біз үшін алаңдап жатқандарыңызға рақмет. Сондықтан "рас па, өтірік пе" деген ақпаратты "біз екі жаққа кеттік" деп растаймыз. Өмір болған соң біз күтпеген жағдайлар болады екен. Әркім өзінше бақытты болатынына сенемін. Бұлай болғанына қарамастан Жаханның әр бастамасын, шығармашылығын қолдаймын! Ешкімнің ала жібін аттамайтын, қазақ киносынан өз орнын тапқан еңбекқор, қайсар жан", - деп болған жағдайға қарамастан Жаханға қолдау білдірді.
Желі қолданушылары өнерпазды қолдап, түрлі пікір қалдырды.
"Балжан қанша қиындықта үй сатып, пәтерлеп жүргенде жанында жүрді, еркектерге бәрібір екені тағы дәлел", "Өте өкінішті. Әдемі жұп едіңіздер. Алла тіл көзден сақтасын. Қайта қосылуыңызды тілеймін", "Балжан күшті келін бола білді", "Балжан, сен Жаханнан жақсыға лайықсың", "Неге бір-біріңді оңай жібере салдыңдар, арада махаббат қайда қалды? Әлі қосылуды ойланыңдар", - деп жазды олар.
Айта кетейік, бұған дейін актер Жахан Отарғалиев "бәрі бітті" деп Балжан Бидашпен арақатынасы тоқтағанын айтқан болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!