Танымал қазақстандық актер Жахан Отарғалиев әкесін денсаулығына байланысты жанына алғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Әкемді аман-сау алып кеттік. Шүкір, бәрі жақсы", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Актердің айтуынша, әкесі жол апатына ұшыраған сияқты.
"Бауырлар, шамалы ойланған дұрыс сияқты. Өткен жұма күні таңда Атырау-Орал тасжолында болған жағдай - осы. Сәл жай-жай жүрген дұрыс-ау, такси болып жүрген бауырлар, сіздерді үйде отбасыларыңыз күтіп отыр. Тым болмаса соларды ойласаңдаршы. Ал менің әкем Алланың қалауымен аман қалды", - деп жазды актер жол апатына ұшыраған автокөліктердің суретін жариялап.
Актердің әкесінің жағдайы қиын болған екен. Ал қазір күтімде болғандықтан ақырындап қалпына келе бастапты.
"Енді жай-жай қалыпқа келеміз. Бастысы, аман қалды. Достар, әке-анамыз аман болсын! Алла көтере алмайтын сынақ бермесін", - деді Жахан Отарғалиев.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз