Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Ысқақова ADAL Adam Youtube арнасына берген сұхбатында рэкеттермен қандай байланысты болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2000 жылдары. Мұқтаждық емес, ол кезде үтік қоссаң да менің әнім шығып жататын кез болатын. Маған кім ақша төлеп, билет алады, соның ақшасына өлең айтып беремін. Әрине, солардың арқасында жағдайымды жасап алдым. Концертке шақырады. 10, 20 жылдықтары не болмаса шешесінің мерейтойы болады. Ол кезде ол бандит пе, ол милиция ма, ол кәсіпкер ме, білмейміз ғой. Жақсы бір достарым, Атырауда, бизнесте жүрді, отбасылық дос болдық. "Біздің ауылда той болып жатыр. Соған өзіңе ыңғайлы әріптестеріңмен келіп, концерт қойып кетсең" дейді. Ақшасын - бәрін төлеп береді. Кәдімгідей бағаңды беріп, ханның қызындай күтіп алады. Атын атаймын. Ақаман Рысқалиев - менің досым. Қазір де досым. Басына күн туды. Біреудің жолын кесті ме, білмеймін. Ол - мен үшін кәсіпкер. Ақаманның Атырау өңіріне жасаған қамқорлығы көп", - деді әнші сұхбатта.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!