Ата жағынан Мұқағали Мақатаевпен туыстығы бар екенін айтқан Дәрубай Әбдісаев "Ашық подкастта" ақынды тірі кезінде кімдер көре алмағанын ашық айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, түрлі себеппен Мұқағалиға іштарлық танытқан замандастары болған.
"Мұқағалидің қаламдастары, әріптестері шексіз іштарлық көрсеткен. Мен көрген жоқпын. Ел-жұрт айтып жүр ғой. Мұқағалидің отты өлеңдері іштарлығын оятқан. Көре алмаған. Көп ішті ме, аз іште ме, есін жоғалтқан жоқ. Соны сылтау қылып, ішті деп, ана өлеңі дұрыс емес деп, қаламдастары итше талаған ғой. Соның бәрін Мұқағали жеңіп шықты", - деді ол.
Сондай-ақ, ол ақынның өлеңдері ұрланып кеткенін де әңгімеледі.
"Үлкен портфельге салып, кітап қылып бастырамын деп Жазушылар одағына апарады ғой. "Сонда аңдып жүріп қара портфельді ұрлап кетті" дейді. Құр қол қалған. Сонда қатты қайғырған", - деді Дәрубай Әбдісаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!