Ислам Кәрімовтың немересі екінші рет тұрмысқа шығуға дайындалып жатыр

Ислам Кәрімовтың немересі екінші рет тұрмысқа шығуға дайындалып жатыр
Фото: instagram/mashatilly

Ислам Кәрімовтың немересі, 26 жастағы блогер Мәриям Тилляева Instagram парақшасында Арнольд Казарян (Арно) есімді Ростов облысынан шыққан кәсіпкерге тұрмысқа шығатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Mariam Tillyaeva 🕊🇺🇿 (@mashatilly)

Оның айтуынша, Арнольд оған үйленуге ұсыныс жасаған. Екеуі Францияның Куршевель курортында танысқан. Жігіт Тилляевадан үш жас кіші.

"Сен мені бес минутта есімнен тандырдың, күлдіріп, бет-бейнемді ұмытып кеттім. Сен мені нағыз қыз қыласың (бойым 183 см болса да, сенен үш жас үлкен болсам да!). [...] Өзбекстанда үш күннің ішінде сен менің барлық достарымның, бүкіл отбасымның және менің жүрегімді жаулап алдың. Сен тек махаббат емессің, сен – ең жақсы стендап, ең тәтті түс, ең керемет сүйіс және ең дұрыс таңдау. Мен сені жақсы көрем. Және Лазур жағалауындағы менің жауабым – "иә", мәңгілікке", – деп жазды Мәриям өз оқырмандарына.

Айта кетейік, бұл Марьям Тилляеваның екінші некесі болмақ. Бұған дейін ол блогер Амир Сардаровпен азаматтық некеде болған, бірақ олардың қарым-қатынасы жанжалмен аяқталды. Мәриям бұрынғы сүйіктісін опасыздық жасады деп айыптаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Бақдаулет
Logotype Massaget