"Ирина Қайратовна" тобының мүшесі әрі сценарист Алдияр Жапарханов әке атанды. Өнер иесі қуанышты жаңалығын Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгін біз әке-шеше атандық. @qoqs (әйелінің парақшасы - еск.) менің жаным. 23.12.2025. 14:37. 54, 3860", – деп жазды Алдияр Жапарханов.
Желі қолданушылары өнер иесін құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.
Айта кетейік, Алдияр Жапархановтың әйелі туралы ақпарат көп емес, оның есімі Мадина екені ғана анық.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz