“Интер“ мен Никол Пашинян әнімді қолданғанда қуандым“. Жас әнші Bayansulu эксклюзив сұхбат берді

“Интер“ мен Никол Пашинян әнімді қолданғанда қуандым“. Жас әнші Bayansulu эксклюзив сұхбат берді
Фото: Видео кадры

Kezdesu-дің кезекті қонағы - жас әнші Bayansulu. Ол сұхбат барысында көпшіліктің сынына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алдында "Қайрат" пен "Интердің ойыны шықты ғой. Сол кезде өзіміздің қазақтар "бір әнімен көтіріліп кетті" деді. Қазірге дейін солай айтады. "Бір-ақ әні бар, бір әнімен сонша олай істегені несі?" дейді. Бір әнім емес, бес әнім бар, оның үшеуі - хит. Құдай қаласа, тағы хиттер болады деп ойлаймын. Өзіміздің қазақтар артқа тарта береді. Неге қуанбасқа?! Соған көңілім қалды. Бірақ жақсы жазып жатқандар да көп", - деді ол.

Жуырда "Интер" футбол клубы мен Армения премьер-министрі Никол Пашинян әлеуметтік желідегі парақшаларында әншінің әндерімен видео жариялады. Bayansulu бұл жайтты қалай қабылдағанын айтты:

"Өте күшті сезім. Қатты қуанамын. Ол да бір бақ шығар. Маған назар аудартқызып қойды. "Интер" бойынша үш видео салынды. Олар VPN-мен тек біздің қазақтар көретіндей қылып салыпты. Басқа елдегі адамдарға көрінбейді екен. Никол Пашинян салғанда да қуандым. Ол да бір артықшылық, желіде белсенділік берді".

Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнадан көре аласыздар.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget