Инсульттің байқалмайтын белгілері аталды

Инсульттің байқалмайтын белгілері аталды
Фото: depositphotos.com

Невролог Хурмина Муктадар инсульттің байқалмайтын белгілері барын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маманның сөзінше, инсульт шаршау ретінде көрінуі мүмкін. Бас ауруы да ауруды білдіреді, бірақ өмір бойы бас сақинасымен ауырған адамдар бұл симптомға мән бермейді, өйткені олар бұған үйреніп қалады.

Сонымен қатар, дәрігердің айтуынша, шатасу, есте сақтау проблемалары күйзеліске байланысты қалыптасады, бірақ бұл да инсульттің белгілері екен. Тағы бір алаңдатарлық белгі - ықылық, әсіресе, ол жүрек айнуы немесе бас айналуы кезінде байқалса.

Еске салайық, бұған дейін дәрігер инсульт пен инфаркттің айырмашылығын түсіндірді.

Бұл екі ауру да қан айналымының бұзылуына байланысты болады және ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін. Алайда олардың себептері, белгілері және салдары әртүрлі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget