Дәрігерлер денсаулықты жақсарту үшін күні бойы жеткілікті мөлшерде таза су ішу керек екенін үнемі еске салады. Әдетте төсектен тұра сала ішкі ағзалардың жұмысын белсендіру үшін таңертең аш қарынға бір стақан жылы су ішу ұсынылады. Бірақ су оянғаннан кейін ғана емес, ұйықтар алдында да пайдалы болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
Төсекке жатар алдында адамдардың көбісі дәретханаға барғысы келмегендіктен ұйықтар алдында су ішпеуге тырысады. Алайда түнде ішкен су адамға зиянын тигізбейді, керісінше денсаулықты жақсартады. Урологиялық Хирург Марк Гадзиян ұйықтар алдында бір стақан су ішудің екі жақсы себебін атады:
Марк Гадзианның айтуынша, күнделікті өмірде суды тұтыну уақыты өте маңызды. Таза су белгілі бір уақытта дененің жұмысына мүмкіндігінше жақсы әсер етеді. Бұл ескеруге тұрарлық жайт. Мәселен:
"Уролог ретінде айтарым әрқашан көп су ішетін және жүрегі сау адамдар уролитиямен ауырмайды", - деп ойын сабақтады дәрігер.
Сондай-ақ дәрігер ішетін сұйықтықтың нормасы белгіленбегенін атап өтті. Ол ауа-райына да байланысты болады. Мәселен ыстық уақытта терлеу әлдеқайда көп болуы мүмкін, ал суықта - аз деген секілді. Алайда маман таза су ішуде әрқашан тепе-теңдікті мұқият бақылауға шақырды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!