Инсульт алған науқасқа жедел жәрдем келгенше тамақ, су және дәрі ішуге болмайды. Бұл жайлы дәрігер Николай Шамалов "Аif.ru"-ге айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігер дұрыс емес әрекеттер асқынуға әкелуі мүмкін екенін айтты.
"Инсультке күмән болған кезде ауызға ештеңе салмаңыз. Яғни, жедел жәрдем келгенше адамға бірдеңе жеуге, ішуге бермеңіз және сондай-ақ ешқандай дәрі бермеңіз. Инсульт кезінде науқас дұрыс жұта алмайды. Егер мұндай жағдайда дәрі ішсеңіз, ол бұзылыстың салдарынан өкпеге түсуі және пневмония дамып кетуі мүмкін ", - дейді Николай Шамалов.
Ол пневмония - ауыр асқыну екенін және инсультті өткерген науқастардың өміріне қауіп төндіретінін айтты. Науқас құсқан жағдайда шашалып қалмас үшін оны бір қырымен жатқызып, жедел жәрдем дәрігерлерін күтіңіз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!