Инсульт қаупі қай жастан бастап артады? Дәрігер түсіндірді

Инсульт қаупі қай жастан бастап артады? Дәрігер түсіндірді
Фото: depositphotos.com

Инсультке әкелетін негізгі қауіп факторлары көбіне 60 жастан асқан адамдарда байқалады. Бұл туралы невролог Елена Овчинникова мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

Дәрігердің айтуынша, жас ұлғайған сайын инсульт алу қаупі де арта түседі. Жастар арасында бұл дерт көбіне тұқым қуалайтын аурулармен байланысты. Ал қан қысымының жоғарылауы, атеросклероз және жүрек ырғағының бұзылуы сияқты себептер жас адамдарда сирек кездеседі.

Невролог кейінгі жылдары инсульт жастар арасында да жиілеп келе жатқанымен, бұл ауру әлі де егде жастағы адамдарда көбірек кездесетінін атап өтті.

Овчинникованың түсіндіруінше, мұның басты себебі – жас ұлғайған сайын қант диабеті, қан қысымының жоғарылауы және қандағы холестерин мөлшерінің көбеюі сияқты денсаулық мәселелерінің жиілеуі. Әдетте инсультке әкелетін негізгі қауіп факторлары 60 жастан кейін айқын байқала бастайды.

Ал 60 жасқа толмаған адамдарды тексергенде дәрігерлер қан тамырлары ауруларына, тұқым қуалайтын ерекшеліктерге және қан жүйесіндегі бұзылыстарға баса назар аударады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget