Тағам – дәрумендер, минералдар мен қажет қоректік заттардың көзі ғана емес, сонымен қатар, біздің ағзамыздағы гормондарға да әсер етеді. Эндокринолог әрі диетолог Елена Черная осы байланысты түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питерге" сілтеме жасап.
Ақуыз – басты құрылыс материалы.
Ақуыз жасуша мен тіндерді құрайды, ферменттер мен гормондардың жұмысына қатысады. Инсулин, глюкагон, өсу гормоны деңгейіне әсер етеді. Ақуыз аз болса, бұлшықет азайып, зат алмасу баяулайды, артық салмақ жиналады. Сол үшін ет, балық, жұмыртқа, сүт өнімдерін жеу қажет.
Май – гормондар тепе-теңдігі үшін.
Майды тым азайту (күндік калорияның 20%-дан төмен) жыныс гормондарын – тестостерон мен эстрогенді азайтады. Ал майды көп тұтыну семіздікке, әйелдерде гормон бұзылыстарына әкеледі.
Көмірсулар – энергия көзі.
Көмірсулар аз болса, энергия да азаяды, инсулин бұзылады, бас ауырады, әлсіздік болады. Сонымен қатар, тойымдылық гормоны – лептин азайып, тәбетті бақылау қиындайды. Соның салдарынан арықтаудың орнына салмақ қосылып кетуі мүмкін.
Йод – қалқанша без үшін маңызды.
Йод жетіспесе, Т3 және Т4 гормондары азайып, гипотиреоз пайда болады. Ол ұйқышылдыққа, әлсіздікке, салмақ қосуға, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне әкеледі. Йодтың басты көзі – теңіз өнімдері.
Талшық – ішек пен гормондардың досы.
Талшық ішектегі пайдалы бактерияларды қолдап, артық эстрогенді шығарады, қант пен инсулинді тұрақтандырады. Жеткіліксіз болса, гормондық дисбаланс пен қабыну күшейеді. Күн сайын 30–35 г клетчатка (көкөніс, жеміс, дәнді дақылдар) қажет.
Тағамды уақытылы жеу.
Таңертеңгі ақуыз – кортизолды (стресс гормонын) реттейді. Кешкі көмірсу – мелатониннің (ұйқы гормонын) бөлінуіне көмектеседі.
С. Бөлек